А.Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

primeminister.kz
Үкімет басшысы осы жылға жоспарланған автожол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтауды, сондай-ақ автомобиль жолдарына ақы төлеу жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Онда жолаушылар вагондарын шығару, темір жол инфрақұрылымын және жалпы Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту, тарифтік саясатты оңтайландыру, инфрақұрылымды жаңғырту, контейнерлік сервисті арттыру, оның ішінде контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыру арқылы қазақстандық темір жол транзиттік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау көзделген.

"Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін одан әрі дамыту және оның контейнерлік тасымалдардың жаһандық нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет", — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы осы жылға жоспарланған автожол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтауды, сондай-ақ автомобиль жолдарына ақы төлеу жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар қаладағы жолаушылар тасымалын дамыту, ЕАЭО-да көлікте навигациялық пломбаларды пайдалану және т. б. бойынша шаралар кешенін қарастырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы