Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

vksport.kz
Ауруды жұқтырған екінші адам - ​​Электротехникалық колледждің басшысы Азат Сарпеков.

Семейде колледждің екі директоры коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түсті. Науқастардың бірі - қазақша күрестің майталманы Айбек Нұғымаров, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің Инстаграмдағы ресми парақшасында хабарланды.

Бүгін Семейде COVID 19 диагнозымен аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде Семей колледжінің бірден екі директоры түскені белгілі болды, олардың бірі - Семей көлік колледжінің директоры, қазақша күрестен үш дүркін әлем чемпионы және "Әлем Барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров, деп жазды қала әкімі.

Ауруды жұқтырған екінші адам - ​​Электротехникалық колледждің басшысы Азат Сарпеков.

Семей қаласының билігі қала тұрғындарына сақ болуға және карантинге байланысты талаптарды сақтауды сұрайды.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шаралар 1 шілдеге дейін ұзартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды