Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус жұқтырған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қасында болғандықтан өз-өзін оқшаулады, деп хабарлайды zakon.kz.
Мағзұм Маратұлы өткен жұмада Денсаулық сақтау министрімен бірге жұмыс сапарынан келді, сондықтан КВИ науқаспен байланыстағы адам ретінде ол да карантинде. Министр тестілеуден өтті, нәтижесі - теріс, аптаның соңына дейін тағы бір тест тапсырады. Ал оған дейін ол барлық жұмыс кездесулерін, келіссөздерді онлайн режимде қашықтықтан жүргізеді, - деді министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.
12 маусымда Премьер-министр Асқар Мамин мен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жамбыл облысында болып, онда вакцина шығаратын зауыттың құрылысын бастау шарасына қатысты. Келесі күні Денсаулық сақтау министрінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Премьер-министр Біртановпен байланыстағы адам болғандықтан, оқшауланып, қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр. Одан бөлек Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Білім министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров та дәл осылай етті. Олардың барлығы жаңа вирусқа тест тапсырды, барлығының алғашқы нәтижесі - теріс.