Денсаулық сақтау министрі міндетін Ләззат Ақтаева атқаратын болды

zakon.kz
Бір күн бұрын Денсаулық сақтау министрлігі басшысы міндетін кезекпен үш вице-министр атқаратындығы туралы хабарланған болатын.

Денсаулық сақтау министрі міндетін тек бір адам ғана атқарады, ол вице-министр - Ләззат Ақтаева, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір күн бұрын Денсаулық сақтау министрлігі басшысы міндетін кезекпен үш вице-министр атқаратындығы туралы хабарланған болатын. Олар - Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләзззат Ақтаева. Бүгін таңертең осыған қатысты тағы басқа ақпарат жетті.

"Елжан Амантайұлы ауруынан айығып, қатарға қосылғанша бұл қызметті тек бір адам - ​​Ләззат Ақтаева атқаратын болды. Біз күн сайын үш вице-министрге эстафета құсатып жұмысты өткізіп жүрмейміз", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

14 маусымда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалайды. Министрге пневмония диагнозы қойылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған