Алматыдағы ХҚКО-лардың жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді

Азаматтарға арналған Үкімет
Енді олар таңғы сағат 10-00-ден кешкі 16-00-ге дейін уақытша жұмыс істейді.

Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне уақытша өзгерту енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 40 бұйрығына сәйкес ХҚКО азаматтарды таңғы сағат 10-00-ден кешкі 16.00-ге дейін қабылдайды.

Осыған байланысты, Алматы қаласының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметіне сағат 15.30-ға дейін кезекке тапсырыс беру қажет. Кейін брондау жарамсыз деп танылады. Мемлекеттік қызметтерді алуға байланысты қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 бірыңғай байланыс орталығына ұялы және қалалық телефоннан хабарласа алады. Қоңырау шалу тегін, делінген Азаматтарға арналған Үкімет хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы