Желіде Корей түбегіндегі жарылыстың видеосы жарияланды

видеодан алынды
Видеоны Оңтүстік Корея таратқан.

Шекаралас Кесон қаласындағы корейаралық байланыс орталығының жарылысы видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеоны Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі таратқан.

Видеода жарылыстың өзін және содан кейін пайда болған көк түтінді көруге болады. Оңтүстік Корея билігі Солтүстік Корея тарапы жарылысты алдын-ала жоспарлап, оны ашық түрде жариялады деп хабарлады. Бірнеше күн бұрын КХДР көшбасшысы Ким Ё Джунның қарындасы корейаралық желінің пайдасы жоқ деп мәлімдеген.

Жарылыс КХДР-дің шекаралас аймақтарға әскер жіберуді жоспарлағаны туралы хабардан кейін көп ұзамай болды. Пхеньян оңтүстік көршілерімен шекараны күшейтуді мақсат етеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме