Түркістанда шамадан тыс жүк тиеген көліктерге айыппұл салынды

Арайлым Тастемір
Рейдтік шара барысында жалпы саны 50-ден аса ауыр жүк көлігі тексеріліп, оның ішінде тауар тасымалдау құжаты болмаған 12 жүк көлігіне ескерту шаралары берілді.

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекцияның көшпелі бақылау бекетімен бірлесіп, "Сапалы жол - Адалдық алаңы" жобасы аясында республикалық маңызы бар "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" тас жолының Шақпақ-баба елді мекенінде ауыр жүк көліктерінің ішкі тәртібіне заң аясында тексеріс жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Рейдтік шараның негізгі мақсаты - ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және карьерлерден заңсыз инертті материалды тасымалдау тәртібін сақтауды қамтамасыз ету.

Жүргізілген мониторинг жұмыстарына "Түркістан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджері Д.Ғаниұлы, облыстық көліктік бақылау инспекцияның бөлім басшысы Б.Назарбеков, аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов пен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және полиция бөлімінің инспекторлары қатысты.

Рейдтік шара барысында жалпы саны 50-ден аса ауыр жүк көлігі тексеріліп, оның ішінде тауар тасымалдау құжаты болмаған 12 жүк көлігіне ескерту шаралары берілді.

Сонымен қатар, жүк тиеген 6 көліктің салмағы белгіленген мөлшерден асып кеткендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, құны 1,252360 (бір миллион екі жүз елу екі мың үш жүз алпыс) теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алдағы уақытта "Сапалы жол - адалдық алаңы" жобасының жұмыс жоспарына сәйкес, облысқа қарасты барлық қала/аудандардың жолдарына рейдтік шаралар жіті жүргізіліп, аталмыш жоба аясында жолдардың тез бүлінуіне әкеліп соғатын заңбұзушылықтармен қарқынды күрес әріқарай өз жалғасын табатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз