Жаңадан тағайындалған Қаржы министрі де қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті

inbusiness.kz
Оның бұрын өткізген тестері теріс нәтиже көрсеткен.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзін-өзі оқшаулап, қашықтықтан жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растады.

Оның бұрын өткізген тестері теріс нәтиже көрсеткен. Бірақ жұмысқа күнде шығып жүргендіктен, онымен араласқан адамдар арасында коронавирус инфекциясы расталғандар болуы әбден мүмкін. Сондықтан министр қысқа уақытқа өз-өзін оқшаулауды ұйғарды, деп хабарлады министрліктегілер.

Денсаулық сақтау министрінен коронавирус анықталғандықтан ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Білім министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров және Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев өз-өзін оқшаулануға мәжбүр болды. Олардың барлығы жаңа вирусқа тест тапсырды, бәрінің нәтижесі, әзірге теріс. 17 маусымда Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннен коронавирус анықталды, ол да өз-өзін оқшаулауды. Коронавирус жұқтырған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланады, оған пневмония диагнозы қойылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді