Еліміздің ірі қалаларында алдағы демалыс күні сауда үйлері мен базарлар жұмыс істемейді

zakon.kz
Бүгін, 18 маусымда Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұзда Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, желілік дүкендер, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар алдағы демалыс күндері жабық болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 18 маусымда Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне және Қазақстанның бірнеше өңірлерінде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің жиілеуіне байланысты ВАК демалыс күндері - 20-21 маусымда қосымша шектеу шараларын қабылдау туралы шешім қабылдады:

- сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, дүкендердің, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың қызметі уақытша тоқтатылады;

- қоғамдық қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарының ашық алаңқайда тұтынушы қабылдайтындарға ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- қоғамдық көліктердің жүрісі шектеледі;

- қоғамдық орындардың: саябақтардың, алаңдардың, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктардың жұмысы уақытша тоқтатылады;

- фитнес орталықтар қызметі де уақытша тоқтатылады;

- 65 жастан асқан адамдар үшін көшеге шығуға тыйым салынады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады