Вице-премьер Ералы Тоғжановтан да коронавирус анықталды

Яндекс
Менен симптомы жоқ коронавирус инфекциясы анықталды - вице-премьер.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ол facebook-тегі парақшасында жазды.

"Маған да оқшаулануға тура келді. Инфекцияны жұқтырып алмауға қанша тырыссам да одан пайда болмады. Менен симптомы жоқ коронавирус инфекциясы анықталды. Енді тезірек сауығып, ортаға оралу үшін дәрігерлердің барлық нұсқауларын орындаймын. Мен азаматтардан қауіпсіздік шараларын ұстануды: маска киюді, антисептикті қолдануды, қолды үнемі сабындап жуып, гигиена ережелерін сақтауды сұраймын. Барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін!", - деп жазды ол.

Айта кетсек, Денсаулық сақтау министрінен коронавирус анықталғандықтан ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Білім министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өз-өзін оқшаулануға мәжбүр болды. Олардың барлығы жаңа вирусқа тест тапсырды, бәрінің нәтижесі, әзірге теріс. 17 маусымда Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннен коронавирус анықталды, ол да өз-өзін оқшаулады. Коронавирус жұқтырған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланады, оған пневмония диагнозы қойылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі