Мамин Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

ПМ
Ресей Үкіметінің басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жылы лебізін білдіріп, тезірек сауығуын тіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тараптар сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, көлік, инвестиция және басқа да салалардағы Қазақстан – Ресей екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ COVID-19-дың таралуына қарсы бірлескен іс-шараларға ерекше назар аударылды. Ресей Үкіметінің басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жылы лебізін білдіріп, тезірек сауығуын тіледі", делінген Үкіметтің ресми сайтында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді