Су ресурстары комитетінің төрағасы жаңадан тағайындалды

energy.gov.kz
Бұл лауазымды қызметке Нұрлан Алдамжаров келді.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров 1975 жылы 12 қыркүйекте Ташкент қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын "инженер-гидротехник" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Ташкент қаласында "Ташоблмелиоводстрой" трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтажнигі болып бастаған.

Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен.

2008-2012 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы, бас маманы.

2012-2014 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары.

2014-2015 жылдары — ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары — "Нұр Отан" партиясының орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары — Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті