ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі жаңадан тағайындалды

primeminister.kz
Бұл лауазымды қызметке Кемелбек Ойшыбаев келді.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "журналист" мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Geneva Business School-де (Швейцария) MBA бағдарламасын оқыған.

Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан" АА" ЖШС тілшісі болып бастаған.

2001 жылдан 2007 жылға дейін "Қазақтелеком" АҚ құрылымында басшылық лауазымдарда еңбек еткен.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары — "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары.

2016 жылы — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2016-2017 жылдары — "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма төрағасы.

2019 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті