Премьер-министр Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты

zakon.kz
Раиса Құлыбаева 82 жасында дүниеден озды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин кәсіпкер Тимур Құлыбаевқа анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін - 22 маусымда Тимур Құлыбаевтың анасының қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Осыған байланысты Қазақстан Премьер-министрі оған көңіл айтты.

Құрметті Тимур Асқарұлы!

Орны толмас ауыр қайғыға душар болуыңызға – аяулы анаңыз Раиса Алдабергенқызының өмірден өтуіне орай қатты қайғырып көңiл айтамын.
Әулеттің құты, шаңырақтың алтын діңгегі, босағаның бағы – Ананы жоғалту әркімге де ауыр.
Осынау қиын сәтте қайғыларыңызды бөлiсемiн.
Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын, - деді Асқар Мамин.

Раиса Құлыбаева 82 жасында дүниеден озды.

Тимур Құлыбаев - қазақстандық кәсіпкер және белгілі қоғам қайраткері, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені - KAZENERGY қауымдастығының төрағасы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз