Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ақорда
Реформалар мен елді жаңғыртуда, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыруда оларға ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы өз құттықтауын Тwitter-де жариялады.

"Бүгін Мемлекеттік қызметшілер күні. Реформалар мен елді жаңғыртуда, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыруда оларға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Азаматтарымыздың заңды талаптарының орындалуы сіздерге байланысты", деп жазды Президент.

"Қуатты, абыройлы Қазақстан құруға бағытталған еңбектеріңізге табыс тілеймін!", деп қосты тағы да Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты