Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанар Досымбаеваның қаулысымен 2020 жылғы 27 маусымдағы сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 29 маусымдағы сағат 00:00-ге дейін Атырау облысында қосымша уақытша шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Оған сәйкес, көпшілік іс-шаралар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, поминкалар), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Келесі жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жүріп-тұруына:
- жүріп-тұру тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері болған жағдайда жұмыс орнынан анықтама (не қызметтік куәлігін);
- азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын және жұмыс орнына жақын дүкендерде және дәріханаларда сатып алу;
- шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;
- үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету;
65 жастан асқан адамдарға тым қажеттіліксіз көшеге шығуына тыйым салынады.
Сауда, ойын-сауық орталықтары, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, азық-түлік және азық-түлік емес сауда желілері,филиалдарды қоспағанда, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
қоғамдық тамақтану нысандарын, жеткізу қызметін қолданатын нысандарды қоспағанда.
фитнес-орталықтар және басқа да спорттық нысандар;
сұлулық салоны, шаштараз, SPA-орталықтар мен салондар және басқа да қызмет көрсету нысандары;
қоғамдық моншалар, бассейндер, сауналар;
туристік аймақтар (демалыс базалары);
қоғамдық орындардың жұмыс істеуі: саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және басқа да демалыс орындарының жұмысына тыйым салынады.
Қоғамдық көлік, жедел жәрдем көлігі, апаттық қызмет және басқа да арнайы органдар, сондай-ақ елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың көлігін қоспағанда.