Пневмонияға шалдыққан Атамбаев түрмеден аурухана палатасына ауыстырылды

Сурет: zakon.kz
Оның коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев екі жақты пневмониямен ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

"29 маусымда Атамбаев денсаулығының нашарлығына шағымданып, соған байланысты одан COVID-19 дертіне ПТР анализ алынды. Ол теріс нәтиже көрсетті. Сол күні дәрігерлер онлайн консультация өткізіп, экс-президентке екі жақты пневмония диагнозы қойылды. Дәрігерлер Алмазбек Атамбаевты стационарлық емдеу үшін ауруханаға ауыстыру туралы шешім қабылдады", делінген Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің хабарламасында.

Министрлік атап өткендей, өткен аптада Атамбаев адвокаттармен және туыстарымен бірнеше рет кездескен, олар сотталушыға қағаздар мен заттар берген.

Ресми мәліметтерге сәйкес, коронавирустың белгілерін адвокат Замир Жошевадан анықталған. Ол Ыстық-Ата ауданының аумақтық ауруханасында COVID-19 белгілері бойынша жатқызылған жақын туысымен байланыста болған.

Бұған дейін қырғыз елінің ҰҚК тергеу изоляторында жұмысшылар мен тұтқындардың коронавирус жұқтырғаны туралы хабарланған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді

Zeekr жүргізушісі Шығыс айналма автомобиль жолында жарыс ұйымдастырды ма: куәгер жауап берді