ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Азаматтық қоғам істері комитеттің төрағасы болып Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
2019 жылдың сәуірден 2020 жылдың маусымына дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiн халықаралық құқық мамандығы бойынша тәмамдаған, Елбасының "Болашақ" бағдарламасымен Чех Агротехникалық университетінде (CULS Prague) халықаралық құқық және экономика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
2003-2006 жылдар аралығында республикалық "Қазақстан жастары конгресi" жастар ұйымында қызмет еттi. Еңбек жолын жобалар үйлестiрушiсi қызметiнен бастаған.
2008 жылдың шілдесінен қазан айына ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті ұйымдастырушылық-әдістемелік және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы.
2008-2010 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тәрбие жұмысы және жастар саясат департаменті директорының орынбасары болды.
2010-2012 жылдар аралығында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.
2012–2014 жылдар аралығында ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.
2014-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.
2017 -2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
"Қазақстан Парламентіне 10 жыл" медалімен, "Құрмет грамотасымен", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.