Алматы дәріханаларында қырғын кезек. Сағынтаев үндеу жасады

facebook.com/sagintayev.b
Қаланың дәрі-дәрмек нарығында дүрбелеңге жол жоқ. Жағдай бақылауда.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы дәріханаларда кезек көбейіп, жұрт арасында дүрлігу байқалғанын мойындап, осы жәйтке түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сағынтаев қаланың дәрі-дәрмек нарығында дүрбелеңге жол жоқ деді. Оның сөзінше, жағдай бақылауда. Құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Алыпсатарлар жазаланады.

Бұл туралы әкім Facebook-те жазды:

Сұранысқа ие препараттарға деген қажеттілікті тұрақтандыру үшін 1 шілдеден бастап дәріханаларға 475 мың дана әлеуметтік маңызы бар препараттар, соның ішінде 260 мың парацетамол, 98 мың аспирин, 35 мың ингавирин, 22 мың азитромицин, 15 мың кардиомагнил және басқа да дәрі-дәрмектер түсті. Сондай-ақ дәріханаларға 30 мың термометр қойылды.

Қоймаларда әлеуметтік маңызы бар 645 мың дәрі-дәрмек, соның ішінде 301 мың аспирин, 84 мың кардиомагнил, 73 мың парацетамол, 42 мың ибупрофен, 26 мың амоксиклав және басқа да дәрі-дәрмектер бар.

Күн сайын қаладағы 105 дәріханаға дәрі-дәрмектер жөнелтіледі. Бірақ олар тез сатылып кетуде. Десе де, іркіліс болмайды. Шілде айының соңына дейін 1,2 млн аспирин, 930 мың парацетамол, ибупрофеннің 350 мыңы, ингавириннің 100 мың қаптамасы, 80 мың азитромицин, 40 мың тамифлю және басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілер жеткізіледі, - делінген жазбада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты