Шымкентте қайтыс болған ақ халаттылардың туыстарына 10 млн емес, 1 млн теңгеден таратылған

31TV.RU
Өйткені көз жұмған дәрігерлер коронавирус емес, пневмониядан қайтыс болған делінеді.

Шымкент әкімі пандемия кезінде көз жұмған дәрігерлерді марапаттады. Марқұм медиктердің отбасына көңіл айтып барған Мұрат Әйтенов, қара жамылған 9 үйге ақша да таратты. Алайда президент айтқандай 10 миллион теңге емес, тек 1 миллионнан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Өйткені көз жұмған дәрігерлер коронавирус емес, пневмониядан қайтыс болған делінеді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

- Күресіп жатқан ешбір дәрігерді қалдырмаймыз. Бізде қазір ковидпен тікелей жұмыс істеп жүрген азаматтар қайтқан жоқ әлі. Бәрі әрі қарай жұмыс істеп жатыр. Ауырғандар бар. Бірақ қайта жызылып, қайтып жұмысқа кірісіп жатыр.

Шымкентте пандемия басталғалы 9 медицина қызметкері көз жұмған. Вирус құрбандарының әрқайсының үйіне кіріп шыққан Мұрат Әйтенов "Қайырымды қала" қоры есебінен бөлінген 1 миллионды батаға деп үлестірді. "Аз да болса, көптей көріңіз" деп жұбатқан әкім, ақшадан бөлек ордендер табыстады.

Науқастардың өмірі үшін арпалысып жүріп ажал құшқандар арасында дәрігерлер, медбикелер мен фельдшерлер бар. Олардың алтауына "Құрмет", біреуіне "Парасат", екеуіне "Барыс" ордені берілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы