Министр 42 500 теңге алу үшін өтінішті қайта-қайта жолдай бермеуді сұрады

Бұл Интернетте қажетсіз жүктемені тудырып, жұмысқа кедергі келтіреді.

Төтенше жағдай кезінде "42 500 теңге" төлемін алуға 18 миллион өтініш берілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ертеңнен бастап барлық порталдар іске қосылады, біз оларды ретке келтірдік, тестілеу бүгін жүргізілуде. Өтініштер 42500.enbek.kz сайтына, телеграмм боттарға, e-Gov сайтына жіберілуі керек. Бұл шараға қатысуға ниет білдірген банктер әлі дайын емес, бірақ олар дайын болғанда арасында қосымша ақпараттар жарияланады, - деді министр.

Сонымен қатар, ол азаматтардан бірден бірнеше порталға бірнеше мәрте өтініш жолдамауын және қызметтерге қажетсіз жүктеме жасамауды өтінді.

Әртүрлі порталдар арқылы бірнеше рет өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл Интернетте қажетсіз жүктемені тудырып, жұмысқа кедергі келтіреді. Соңғы рет 18 миллион өтініш келіп түсті, - деді ол.

Ол бәрібір екі рет өтініш қабылданбайтынын атап өтті.

- ЖСН-ның бір рет қолданылғаны туралы хабарлама пайда болады. Сізге өтініш қабылданғаны туралы хабарлама келіп түседі, содан кейін порталдан өтінішіңіздің қай сатыдан өтіп жатқанын бақылауға болады. Сізге үлгеру керек деген нақты бір дата белгіленіп, көрсетілмейді. Бұл - шілде айына арналған төлем, барлық байланыс арналары, порталдар 1 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Демек, өтініш беруге әлі бір айдан аса уақыт бар, - деп қосты ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: