42 500 теңге: 700 мың қазақстандық автоматты түрде SMS-хабарлама алды

Ашық дерекөздерден алынды
Біз төлемдерді проактивті форматта тағайындауды қарастырамыз - министрлік.

Төтенше жағдай кезеңінде төлем алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2020 жылғы шілдеде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады. Осыдан бір күн бұрын, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде төлем алған азаматтарға олардың қызметі шілде айында шектеулерге ұшырауы әбден мүмкін екенін, сондықтан төлемді проактивті тағайындау үшін кірісті жоғалту фактісін растау мақсатында SMS-хабарлама жіберілетінін айтты.

"Біз төлемдерді проактивті форматта тағайындауды қарастырамыз. Қызметі шектелген болса, соңғы рет төлем алған азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту фактісін растауды сұраймыз. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Олардың порталдарға өтініш беруінің қажеті жоқ, олар өз мәртебесін одан әрі қадағалай алады", – деді Еңбек министрі.

Сондай-ақ Біржан Нұрымбетов төлемдерді тағайындау үшін өтініштерді қабылдау бүгін, 17 шілдеде басталатынын хабарлады. Порталдар мен telegram боттар бүгін күннің екінші жартысында іске қосылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді