Шпекбаев "СК-Фармацияның" жаңа басшылығына: Әлі талдау жасаймыз

ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі
Ол сырттан мамандар тарта отырып, "СК-Фармация" АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тез арада талдау жүргізілуі керек деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев СК-Фармацияның жаңа басшылығына өткен қателікті еске салды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Әлеуметтік желілерді мұқият қадағалайтын кез-келген адам сыбайлас жемқорлық, бюрократия мен жауапсыздық коронавируспен байланысты жағдайдың ушығуының басты себептерінің бірі деп санайтындығымен келіседі. Мұнысы өте дұрыс, әсіресе "СК-Фармация", медициналық сақтандыру қорының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірқатар медициналық мекемелерінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғалып жатқанда, бұл айқын білінеді, - деді ол жарты жылдықты қорытындылаған агенттіктің алқалы жиынында.

Ол сырттан мамандар тарта отырып, "СК-Фармация" АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тез арада талдау жүргізілуі керек деп атап өтті.

- Біздің талдауымыздың сапасы болашақта бұл ұйымның қаншалықты тиімді және заңға бағынышты екенін анықтайды. Бірыңғай дистрибьютордың жаңа басшылығы біз сияқты бұл мәселе баса назар аударып, алда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі барлық ұсыныстарды орындайды деп сенемін, - деп сөзін түйіндеді Шпекбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды