Жұмыста коронавирус жұқтырғаны үшін қанша медицина қызметкері өтемақы алады

tvsamara.ru
Бүгіндері оның тізімін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарап жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс орнында КВИ жұқтырғаны үшін қанша медицина қызметкеріне өтемақы төленетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Біз аймақтардан тізімдерді алып, оны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдадық. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер арасында коронавирус инфекциясын тікелей жұмыс орнында жұқтырудың 123 расталған жағдайы тіркелді, ал өлім саны - 59, бұл жайт қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі деңгейінде қаралуда, - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен төленетінін айтты.

- Біздің министрліктің міндеті - тізімдерді жинап, оларды Еңбек министрлігіне беру, - деді Цой.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз