Өзбекстаннан заңсыз пестицидтер алып кірмек болған ҚР азаматы ұсталды

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Өзбекстаннан Қазақстанға бағыт алған автокөлікті тексеру барысында, сканерлеу кезінде декларацияланбаған тауар анықталды.

"Қапланбек" кеден бекетінде заңсыз жүк қолға түсірілді. Декларацияланбаған тауардың жалпы құны 2 млн.теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері түн жарымында Өзбекстаннан Қазақстанға бағыт алған автокөлікті тексеру барысында, сканерлеу кезінде декларацияланбаған тауар анықталды. Қазақстан азаматы шекара арқылы "AKARA BIO препараты" (акарицид) пестицидтерін заңсыз алып өтпек болған. Одан 50 қаптама табылды, олардың әрқайсысында бес литрлік 4 ыдыстан бар. Заңсыз тауардың құны 1 454 545 теңгені құрайды.

Бірнеше күн бұрын дәл сол кеден бекеті арқылы басқа Қазақстан азаматы декларацияланбаған темекі бұйымдарын алып өтпек болған. Оның автокөлігі Өзбекстанға бағыт алып бара жатқан және кедендік тексеру кезінде жасырылған 600 қорап "Heets" темекісінің стиктері табылды. Анықталғандай, ол оларды Ресей Федерациясынан алып келе жатқан.

Бұл фактілер бойынша барлық материалдар тергеу іс-шараларвн жүргізу үшін құқық қорғау органдарына өткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз