Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Ақорда
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің ғасырлар бойы қалыптасқан достыққа, бауырластыққа және тату көршілікке негізделген екі жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Өзбекстан халқына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің ғасырлар бойы қалыптасқан достыққа, бауырластыққа және тату көршілікке негізделген екі жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсеткенін шынайы бауырластық қатынастардың үлгісі ретінде атап өтті. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Сардоба су қоймасындағы апат салдарынан зардап шеккен Түркістан облысына көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі Өзбекстанның Сырдария облысындағы зардап шеккен аудан тұрғындарына азық-түлік тауарларын жіберу жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.

Әңгімелесу соңында тараптар аймақтағы эпидемиологиялық ахуал жайында ақпарат алмасып, COVID-19 індетімен және оның салдарымен күрестегі іс-қимылдарды жалғастыра беруге ниетті екенін білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды