Павлодар қаласының әкімі жаңадан тағайындалды

Әлібек Жиенәлинов
Облыс әкімі Әбілқайыр Ысқақов жаңа әкімді ұжымымен таныстырды.

Ержан Иманислам Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыс әкімі Әбілқайыр Ысқақов жаңа әкімді ұжымымен таныстырды. Аймақ басшысы Қайрат Нүкеновке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа әкімнің алдына міндеттер қойды.

"Негізгі міндеттердің бірі - экономикалық өсімді қалпына келтіру және бизнестің дамуына жағдай жасау. Павлодарда "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын ауқымды түрде жүзеге асыру жүріп жатыр, әр жобаның сапасы мен уақытын бақылау қажет. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысына, КСК жұмысына және жылыту маусымына дайындыққа қатысты бірқатар міндеттер бар. Тұрғын үй құрылысының нақты, стратегиялық бағдарламасы қажет. Бірақ әкімдік жұмысының басты көрсеткіші қала тұрғындары өтінішін қанағаттандыру және халықтың билікке деген сенімін арттыру болып табылады. Қала әкімдігі тұрғындармен тікелей диалогты күшейтуі керек", - деді Әбілқайыр Ысқақов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді