Жеке тұлғалардың төленбеген салығына қосылған өсімпұлдар кешіріледі

factum.kz
Салық амнистиясы 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін өз күшіне ие.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларда жеке тұлғалардың өсімпұлдарын шегеру түрінде салық амнистиясы қарастырылған, - деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, салық төлеуші жеке тұлғалардың мүліктері, жері және көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша өсімпұлдар есептен шығарылады, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Есептен шығарудың негізгі шарты - негізгі салық қарызын төлеу. Өсімпұлдар (пеня) мерзімі өткен берешегі төленген салық түрі бойынша есептен шығарылады.

Мұндағы басты ерекшелік - бұл - мүлік салығы мен жер салығы бойынша 2019 жылға арналған міндеттемелер, олар 2020 жылдың 1 қазанына дейін төленуі тиіс.

Салықтық амнистия 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады.

Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлдарды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылатын болады.

Жоғарыда айтылғандай, өсімпұлдарды есептен шығару үшін еш жерге барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұлдар автоматты түрде есептен шығарылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды