Атырау облысында депутаттар назар аудартқан мәселеге қатысты тергеу басталды

Атырау облысының прокуратурасы басқармадағы жауапты қызметкерлерге қатысты жиналған материалдарды тергеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырды

Мәжіліс депутаттары, "Ақ жол" фракциясының мүшелерінің прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Атырау облысындағы жасанды тыныс алу аппараттарын сатып алудағы заң бұзушылықтар бойынша жолдаған ресми сауалына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, партияның парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев мәлімдеді.

Депутат түсіндіріп өткендей, облыстық прокуратура жүргізген мониторинг "ОралМедРегион" ЖШС-нің директоры "Ақ жол" демократиялық партиясына Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы шенеуніктерінің іс-әрекеттеріне арызданып, көмекке жүгінгенін анықтады.

Департамент осы фактіге байланысты жергілікті денсаулық басқармасы аталған ЖШС-мен республикалық бюджеттен 598 млнтеңгеге 45 жасанды тыныс алу аппаратын мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасасқаны туралы хабарлады. Алайда, келесі күні шешім өзгертіліп, серіктестікке келісімшарттың одан әрі орындалуының мүмкін еместігіне байланысты оны біржақты бұзу туралы хат жолданған. Бұған бұл апппаратты жергілікті бюджет есебінен сатып алу жоспарланғаны туралы Қаржы министрлігінен келген хат түрткі болған, деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.

Аталған факті бойынша Атырау облысының прокуратурасы басқармадағы жауапты қызметкерлерге қатысты жиналған материалдарды тергеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: