Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сынақтан сәтті өтуде

oxu.az
ДДСҰ-да тіркелген күні зертханалық жануарларға вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары басталды.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты COVID-19-ға қарсы вакцинаны дайындауға наурыз айының ортасынан бастап кірісті. Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде 9 мамырда БҚПҒЗИ ғалымдары алғашқы вакцинаны шығарды. 15 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны өз сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға арналған кандидаттық вакцина ретінде тіркеді, деп хабарлайды zakon.kz.

ДДСҰ-да тіркелген күні зертханалық жануарларға вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары басталды. Бүгінгі таңда сынақ нәтижелері ДДСҰ регламенттеген барлық параметрлер бойынша вакцина ДДСҰ мен ҚР мемлекеттік фармакопеясының талаптарына сәйкес келетінін көрсетеді.

БҚПҒЗИ вакцинаны антиденелер титрі жоғары иммуногенділікті көрсеткен приматтарда да сынақтан өткізіп жатыр. Клиникаға дейінгі зерттеулер аяқталғаннан кейін вакцинаның клиникалық сынақтары басталады.

Сондай-ақ, БҚПҒЗИ әртүрлі платформаларда тағы 3 вакцинаны дайындап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз