Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды

ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Оған бюджет қаржысын жымқырды деген күдік келтірілген.

Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, Әбішев бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, жариялануға жатпайтындығы хабарланады. Ол 2018 жылы вице-министр болып тағайындалды. Бұған дейін Әбішев 2015 және 2018 жылдар аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК-да басшылық қызметтер атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз