Коронавирустың шарықтау шегінен өттік – Цой

видеодан кадр
3 тамыздағы жағдайға сай, елде коронавирус жұқтырудың 92 662 жағдайы тіркелді, оның 67,5% емделіп шықты.

ОКҚ-дегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол 3 тамыздағы жағдайға сай, елде коронавирус жұқтырудың 92 662 жағдайы тіркелгенін еске салды. Оның 67,5% немесе 62 511 адам емделіп шықты.

- Тек соңғы тәулікте ғана 672 адам вирустан емделіп шықты, мұндай оң көрсеткіш ақырындап болса да, өсіп келеді, - деді ол.

Ең жақсы көрсеткіштер БҚО, Алматы, Түркістан, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен астанада байқалуда.

- Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы тұрақталды, деп нық сеніммен айта аламыз. Өздеріңіз де мұны байқаған шығарсыздар. Шарықтау шегі артта қалды, ендігі мақсатымыз барша халқымыз бен денсаулық сақтау жүйесіне ауыр сынақ болып тиген осы жетістікті сақтап қалу, - деді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін