2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде рәсімдей беретін болады

РБК
Төтенше жағдай режимі басталғаннан бері Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің алдында онлайн-режимде қызмет көрсетуді жалғастыру міндеті тұр.

2020 жылғы қаңтарда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі түбегейлі жаңа сервис — видеобанкингті іске қосты. Клиент оның көмегімен банк менеджерімен бейне байланыс арқылы байланысып, қашықтан кеңес ала алады. Бұл туралы PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Л. Ибрагимованың айтуынша, төтенше жағдай режимі басталғаннан бері Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің алдында онлайн-режимде қызмет көрсетуді жалғастыру міндеті тұр.

"Біз Қазақстанның барлық іскерлік белсенділігі соқтығысқан проблемаларға тап болдық. Наурыз айының соңында, карантиндік шаралар қабылданады деп жарияланған кезде және кейбір қалалардың санитарлық дәрігерлері біздің филиалдарымызға жұмыс істеуге тыйым салған кезде біз кейбір функцияларды онлайн режимге көшірдік", — деді ол.

Оның айтуынша, клиент өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының көмегімен өтінімге қол қояды, ал банк өз кезегінде оның төлем қабілеттілігін Бірінші кредиттік бюроның, зейнетақы қорының деректері бойынша бағалайды және соңында берілуі мүмкін ең жоғары соманы көрсете отырып, сертификат береді.

"Біз бұл онлайн-сервисті кепіл шартын ресімдеуге, меншік құқығын ресімдеуге дейін енгізгіміз келеді. Үйден шықпай-ақ, ипотека алу мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл үлкен міндет. Менің ойымша, жыл соңына дейін заңнамалық бастамаларды тағы да талқылаймыз. Келесі жылдың басында, Отбасы банкі болатын уақытта, біз оны толығымен енгіземіз", — деп хабарлады ТҚЖБ басқарма төрайымы Л. Ибрагимова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды