Есеп комитетінің төрайымы Президентке дағдарысқа қарсы бөлінген ақшаға байланысты есеп берді

Ақорда
Президенттің пікірінше, Есеп комитеті ауқымды әрі тиімді жұмыс жүргізіп отыр. Мемлекет басшысы бұл жұмыстарды жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Есеп комитетінің төрайымы Мемлекет басшысына дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу барысы және квазимемлекеттік сектор компанияларының активтерін тиімді басқаруға жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары туралы есеп берді.

Наталья Годунованың айтуынша, экономиканы қолдауға және пандемиямен күреске бағытталған ресурстарды Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары жіті бақылап отыр. Үкімет қабылдаған шаралардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі осы жылдың соңына дейін бағаланатын болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің жақында өтетін отырысында аудит қорытындыларын заңнамаға сәйкес қарастыруды және мемлекеттік активтерді тиімсіз басқаруға қатысты анықталған деректер бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Президенттің пікірінше, Есеп комитеті ауқымды әрі тиімді жұмыс жүргізіп отыр. Мемлекет басшысы бұл жұмыстарды жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты