Польша "Газпромға" 50 миллион еуро айыппұл салды

Krisztian Bocsi / Bloomberg
Айыппұл көлемі 213 миллион злотый және 50 миллион еуро.

Польшаның Тұтынушылар және бәсекелестікті қорғау басқармасы "Солтүстік ағын-2" жобасы бойынша мәлімет беруден бас тартқаны үшін "Газпромға" айыппұл салды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Айыппұл көлемі 213 миллион злотый және 50 миллион еуро.

Ақпаратқа қарағанда, "Газпром" Nord Stream 2 еншілес компаниясы мен газ құрылысын қаржыландырған еуропалық компаниялар арасындағы келісімдер жөнінде мәлімет беруден бас тартқан.

Польшаның монополияға қарсы мекемесі алты еуропалық компанияны, оның ішінде "Газпромды" Польша атынан рұқсатсыз консорциум түзді деп айыптап жатыр. Осыған дейін дәл осындай фактімен франциялық Engie компаниясына да айыппұл салған.

"Газпром" әзірге Польша шешіміне түсініктеме бермеді.

Формалды түрде "Түндік ағын-2" жобасын консорциум емес, еуропалық компаниялардан несие алған, "Газпром" бақылауындағы компания салып жатыр. Бірақ Варшава мәселе монополияға қарсы заңдарды бұзып жатқан консорциум жөнінде болып жатқанын айтады.

Польша бірқатар еуропалық елдер сияқты "Түндік ағын-2” жобасына қарсы. Олар мұны Ресей Еуроодақа және Украинаға саяси басымдық көрсетуге әрекет етіп жатыр деп есептейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін