Ауғанстанда түрмеге шабуыл болып, жүздеген тұтқын қашып кетті

Omid Zahimal
Кемінде 39 адам қаза болған.

3 тамызға қараған түні Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының (ИМ) содырлары түрмеге шабуыл жасап, кемінде 39 адам қаза болған, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Ауған шенеуніктерінің хабарлауынша, қаза болғандар арасында бейбіт тұрғындар, қауіпсіздік күштері мен тұтқындар бар. Олардың мәліметінше, қарсы жақтан да адам шығыны болған. ИМ тобы өздерін насихаттайтын Amaq сайты арқылы шабуылды мойнына алды.

Ақпарат бойынша, содырлар әуелі түрме қақпасы маңындағы көлікті жарған. Түрме дуалы құлап, содырлар колония аумағына енгеннен кейін қауіпсіздік күштерімен атысқан. Атыс бірнеше сағатқа созылған. Содырлар шабуылының салдарынан шамамен 1800 тұтқын босатылған, олардың арасында тәліптер мен ИМ содырлары, өзге де қылмыскерлер бар.

Азаттықтың Жалалабад қаласындағы тілшісінің хабарлауынша, 3 тамызда таңертең содырлар мен қауіпсіздік күштері арасындағы текетірес көрші ғимаратта да жалғасқан.

Дүйсенбі күні ауған шенеуніктері шабуыл тоқтады деп хабарлағанмен тұтқын содырлардың көбі сытылып шыққанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі