Бейруттағы жарылыстан кейін мұнай бағасы қымбаттай бастады

Pixabay
Сарапшы бұл оқиға мұнай тасымалына кедергі әкелуі мүмкін деп болжайды.

Бейрутта болған күшті жарылыстан кейін сейсенбіде АҚШ аукциондарында Техас жеңіл майлы мұнайының (WTI) бағасы көтерілді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұған Нью-Йорк тауар биржасының мәліметтері дәлел.

Жергілікті уақыт 15:05 бойынша WTI маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 0,64 $ (1,56%) көтеріліп, 41,65 $ құрады. Сауда-саттық кезінде бірінің құны, тіпті 42 доллардан асты.

NationsShares қаржы компаниясының президенті Скотт Нейшнс CNBC телеарнасына берген сұқбатында Бейруттағы жарылыс WTI мұнайы құнының бой көтеруінің басты себептерінің бірі екенін атап өтті.

- Біз геосаяси тұрақсыздықтан қорқамыз, - деді ол. Сарапшы бұл оқиға мұнай тасымалына кедергі әкелуі мүмкін деп болжайды.

АҚШ қор нарығында негізгі баға көрсеткіштері бір күн ішінде әртүрлі бағытта өзгерді. Күннің соңында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды