Түркіменстан антисептикті ұшақпен сеуіп жатыр

Signar / TASS
Түркіменстан билігі әлі күнге дейін елде коронавируспен ауырғандар жоқ деп мәлімдеп келеді.

Түркіменстанның батысындағы Түркіменбашы қаласында антисептикті ұшақ арқылы себе бастады, деп хабарлайды zakon.kz Азаттықтың түркімен қызметіне сілтеме жасап.
Редакция мұны коронавирус пандемиясымен байланыстырады.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, Құрбан айт мерекесі қарсаңында билік осындай шаралар жасаған. Түркіменбашыда қазір шамамен халық саны 70 мың адам. Мұнда ең ірі мұнай өңдеу зауыты бар.

Түркіменстан билігі әлі күнге дейін елде коронавируспен ауырғандар жоқ деп мәлімдеп келеді. Бірақ халықаралық әуе байланысын, пойыз қозғалысын уақытша тоқтатты.

Шілде айының ортасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы түркімен билігіне елде вирус бар деп есептеп, шаралар қолданыңдар деп ұсыныс айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді