Бас санитарлық дәрігер М.Арыспаевтың бұйрығымен БҚО-да түнгі уақытта көлік құралдарының барлық түрінің қозғалысына тыйым салынады, деп хабарлайды zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, жедел жәрдем, құтқару қызметі және Батыс Қазақстан облысының тіршілігі үшін маңызды, Орал қаласының / аудандарының (коммуналдық қызметтердің) тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеуге рұқсат етілген кәсіпорындардың / ұйымдардың және түнгі ауысымында жұмыс істейтін адамдардың жеке көлік құралдарының қозғалысын қоспағанда, сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін көлік құралдарының барлық түрінің қозғалысына тыйым салынады.
Дәріханалардан дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін немесе медициналық мекемеге бару үшін жеке көліктердің жолға шығуына рұқсат.
Егер сіз басқа себептермен сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін көлікпен сапарға шығуыңыз керек болса, онда арнайы сайт арқылы тіркелуіңіз керек немесе 109 телефон нөмірі бойынша арыз қалдыра аласыз. Осы сағаттардағы қозғалысқа рұқсат алған көліктердің жолға шығуына рұқсат етіледі.
Сондай-ақ алдағы демалыс күндері - 8,9,15,16 тамызда өңірде қоғамдық көліктер де жұмысқа шықпайтынын ескертіледі.