Алматылық оқушы балаларға тегін ағылшын тілін үйрететін онлайн мектеп ашты

Казинформ
Бүгінде біздің онлайн мектепте 2 мыңнан астам бала және жеткіншек ағылшын тілі курсынан өтіп, білім алуда - Кан.

Алматылық мектеп оқушысы Илья Кан аз қамтылған отбасыдан шыққан, дәрігерлер мен полицейлердің балаларына тегін ағылшын тілін үйретіп жүр, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мектеп оқушысының жобасы "Teaching for heroes" деп аталады.

"Менің жасым 16-да. Бос уақытымда оқығанды, жазғанды ұнатамын, сол сияқты мектепте футбол ойнаймын. Мен қазір АҚШ-та оқимын, биыл 11 сыныпқа өттім. Болашақ мамандыққа қатысты әлі нақты таңдау жасаған жоқпын. Дегенмен жоғары білімді де осы АҚШ-та жалғастырмақ ойым бар. Бастапқы кезде өзім де тіл үйретіп, сабақ бердім. Қазір көбінесе ұйымдастырушылық жұмыстармен айналысамын. Бүгінде біздің онлайн мектепте 2 мыңнан астам бала және жеткіншек ағылшын тілі курсынан өтіп, білім алуда. Оның ішінде жоба қатысушы 100-200 бала - аз қамтылған отбасыдан. Ағылшын тілін меңгерсем деген ниеттегі балалармен 900-ге жуық оқытушы өз тәжірибесімен бөлісуде", - деді И. Кан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты