Министр Нұрымбетовтың ағасын қамауға алу мерзімі ұзартылды

Time.kz
Ол жыл соңына дейін үйқамақта болады.

Үйқамақтағы ҚР Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовтің қамауға алу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тимуржан Нұрымбетовтің ісі шілде айының соңында сотқа жіберілді. Оған "Бір топ адаммен бірнеше рет пара алу" және "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе басқа мүлікті заңдастырып, жылыстату" деген екі бап бойынша айып тағылды.

Мамыр айында оның үйқамаққа алынғаны белгілі болды. Шілде айында қамауға алу емрізімі биылғы жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылды.

- Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлына, Романова Нұрзипа Молшылыққызына, Өтеулина Аида Асқарқызына қатысты таңдалған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы сол күйінде қалады және ол 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылады, - делінген сот құжатында.

Бұл іске министрдің ағасынан басқа тағы бес адамның қатысы бар. Олар - Нұрзипа Романова, Ғалымжан Сарымсақов, Аида Өтеулина, Нұрлан Ақпаев, Қанат Мұстафа. Бұрын хабарланғандай, өткен жылдың желтоқсан айында Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тимуржан Нұрымбетовтің 15 жылға жуық Жамбыл облысы әкімдігінде түрлі қызметтерде жұмыс істегені белгілі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты