Атырауда ту ілетін тұғырға 203 млн теңге жұмсалған. Ол құлап қалды

Атырау облысының ӨКҚ
Тутұғырдағы үнемдеу тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп әкелген.

Атырау облысы прокурорының орынбасары Б.А. Жұмақановтың хабарламасы бойынша, өткен жылдың 20 желтоқсанында Атырау қаласындағы алаң құрылысында 91-метрлік тутұғыр құлаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыруға, абайсыз оқиғаларға жол бермеу және алдын алу мақсатында облыс прокуратурасымен аталған объектіде заңдылықтың сақталуына талдау жасалды.

Нәтижесінде, мердігердің жобалау-сметалық құжаттама талаптарына қайшы, авторлық бақылаушының келісімінсіз сметаға салынған 203 млн теңгеден 3 есе төмен тутұғыр қондырғаны анықталды.

Өз кезегінде, облыстық Құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұза отырып тутұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім берген.

Сөйтіп, мердігердің және жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттерінен туындаған авариялық жағдай адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп әкелген.

Аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша құжаттар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты