Ауылшаруашылығы вице-министрі жаңадан тағайындалды

primeminister.kz
Бұл лауазымды қызметке Руслан Ерғалиұлы Манатаев тағайындалды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы — М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы — Назарбаев университетін тәмамдаған.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2014-2017 жылдары — "Транстелеком" АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі;

2017-2018 жылдары — "Астана — жаңа технологиялар – 2008" ЖШС директоры;

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты