Алматыға Оңтүстік Кореядан гуманитарлық көмек келіп жетті

Агенттіктің баспасөз қызметі
Қиын кездерде адамдар бір-біріне көмектесу керек.

Халықаралық зердені дамыту институтының директоры, Корея Республикасындағы жергілікті мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу бағдарламаларын жасаушы, профессор Джо Гю Юн Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профессорымен ынтымақтастық соңғы екі жыл ішінде жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Джо Гю Юн біздің елімізге бірнеше рет келіп, Оңтүстік Кореяның қоғамдағы тұтастық қағидаттарын қалыптастыру тәжірибесі туралы дәрістер оқыды. Оның дәрістері қазақстандықтардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Біздің елдеріміз арасындағы достықтың белгісі ретінде профессор қазақстандық қоғамға коронавирус инфекциясының таралуына қарсы тұруға көмек көрсетуге ниет білдірді.

- Қиын кездерде адамдар бір-біріне көмектесу керек. Бір кездері Кореяға көмек керек болған кезде, біз оны басқалардан алдық. Қазір бізге кезек келді, - деді профессор Джо Гю Юн.

17 тамызда Алматы әуежайына "Эйр Астана" әуекомпаниясының қолдауымен жалпы салмағы 1,5 тонна болатын шамамен 50 мың АҚШ долларының гуманитарлық көмек жүгі келді. Алынған 10 қорапшадан антибиотиктер, 50 қорапша дезинфекциялық құралдар, 10 мың дәрумендер, 20 мыңнан астам жеке қорғаныс құралдары (маскалар, қолғаптар, қорғаныс костюмдері) медициналық мекемелерге "СК-Фармация" ЖШС арқылы таратылады. Агенттіктің аумақтық бөлімшелері қоғам өкілдерімен бірге түпкілікті тұтынушыға жүктің жетуін қамтамасыз ету ісіне ат салысады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі