Тоқаев Фируза Шарипованы әлем чемпионы атағын жеңіп алуымен құттықтады

sports.kz
Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионы атанған Фируза Шарипованы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!", делінген жазбада.

Фируза Шарипова (11-1, 5 КО) IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.

Жекпе-жек Қазан қаласында өтті. Шарипованың қарсыласы - Танзаниядан келген Хеппи Дауди (8-6-1, 4 КО). Титулдық жекпе-жек әр раунды екі минуттан тұратын 10 раундқа белгіленгені белгілі. Кездесудің 5-раундында қазақстандық спортшының қарсыласы өзінің жеңілісін мойындады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз