Экология министрлігінің Геология комитетінің төрағасы жаңадан тағайындалды

ПМ
Бұл лауазымды қызметке Талғат Сәтиев келді.

Талғат Сәтиев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Талғат Бақтиярұлы Сәтиев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды" делінген ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтындағы хабарламада.

Талғат Сәтиев 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Семей геологиялық барлау техникумын, В. И. Ленин атындағы Қазақ ұлттық политехникалық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша техник-геофизик, тау-кен инженері.

Еңбек жолын 1992 жылы Семей қаласындағы полигонға қызмет көрсету бойынша жұмысшы болып бастаған. Семей қаласындағы "Шығысқазжерқойнауы" мемлекеттік мекемесінің жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Семей инспекциясында түрлі лауазымдары атқарған.

2013 жылдан бастап 2014 жыл аралығында Өскемен қаласындағы "Шығысқазжерқойнауы" Геология департаментінің басшысы қызметінде болды.

2014 жылдан бастап 2019 жыл аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты