БЖЗҚ салымшылары 12 трлн теңгеден аса ақша жинаған

zakon.kz
2020 жылғы қаңтар-шілдеде зейнетақы активтерін инвестициялаудан "таза" кіріс 2020 жылғы 1 тамызда 5 086,7 млрд теңгеге дейін 753,0 млрд теңгеге ұлғайды.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 1 259,9 млрд теңгеге немесе 11,7%-ға ұлғайып, 12 060,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

"2020 жылғы қаңтар-шілдеде зейнетақы активтерін инвестициялаудан "таза" кіріс 2020 жылғы 1 тамызда 5 086,7 млрд теңгеге дейін 753,0 млрд теңгеге ұлғайды", делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ қосқанда) 2020 жылғы 1 тамызда 11,0 млн шот болды.

2020 жылғы қаңтар-шілдеде зейнетақы төлемдерінің сомасы 98,2 млрд теңгені құрады.

2020 жылғы 1 тамызда БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінде негізгі үлес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 43,2% және 26,5%) тиесілі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз