Президенттің күзет қызметі бастығының экс-орынбасары отставкаға шықты

Іс-шара барысында генерал-лейтенант Мұхтар Аюбаев және басқа қызметкерлер мен әскери қызметшілер "Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

2020 жылдың 28 тамызында Мемлекеттік күзет қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен қызметтегі шекті жасқа жетуіне (22 тамызда 61 жасқа толды) байланысты отставкаға шыққан генерал-лейтенант Аюбаев Мұхтар Ақатұлын құрметпен шығарып салу рәсімі де өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс-шара барысында генерал-лейтенант Мұхтар Аюбаев және басқа қызметкерлер мен әскери қызметшілер "Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Мұхтар Ақатұлы Аюбаев жеке қауіпсіздік бастығынан Президенттің күзет қызметінің бастығы және Республикалық ұланның қолбасшысына дейін өсіп, екі мемлекеттік органның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Соңғы атқарған қызметі - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - арнайы жасақ қолбасшысы. Жылдар бойғы мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігі үшін М.Аюбаев Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ризашылыққа ие болып, бірнеше мәрте қызметінде көтермеленді, I дәрежелі "Даңқ" (2017) және II дәрежелі "Даңқ" (2010), II дәрежелі "Айбын" (2004) ордендерімен марапатталып, түрлі құрмет және алғыс грамоталарына ие болды.

Ол - Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің Құрметті қызметкері және Алматы облысының Құрметті азаматы. Үйленген, үш баласы бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: