ХҚО-лар сенбі күні қызмет көрсете бастайды

Азаматтарға арналған үкімет
Ал автоХҚО-ның жұмыс уақыты өзгеріссіз қалды.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді. Енді олар қызмет алушыларды дүйсенбі-жұма күндері аралығында 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі 09:00-ден 18:30-ге дейін қабылдайтын болады. Дегенмен, құжаттандыру бөлімі (жеке куәлік, паспорт) жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі 09:00-ден 14:00-ге дейін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды zakon.kz "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын елордалықтар ХҚО-ға тек дүйсенбі-жұма күндері аралығында жүгіне алатын. Сол себепті осы күндері жұмыс істейтін азаматтардың жұмыстан тыс уақытты таңдау мүмкіндігі шектеулі болды.Қызмет көрсету уақытының ұзаруы мемлекеттік қызмет көрсету процесін бірқалыпты етіп, елорда тұрғындарының сұранысына жауап беруге мүмкіндік береді.

Ал автоХҚО-ның жұмыс уақыты өзгеріссіз қалды. Көлік құжаттары жұмыс және сенбі күндері 09.00-ден 18:00-ге дейін қабылданса, дайын құжаттар 09.00-ден 20.00-ге дейін берілетін болады.

Сондай-ақ, әлі де карантин талаптарын сақтау сұралатындықтан, ХҚО-да алдын ала брондау арқылы тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Қызмет алушылар ХҚО-дағы кезек уақытын egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған