835 кәсіпорын 25 мың жұмысшыға 2,6 млрд теңгеден астам жалақы қарыз

inbusiness.kz
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 24,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 835 кәсіпорында 25 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 2,6 млрд теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 484 нұсқама беріліп, 67,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 24,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 2,5 млрд теңге төленді.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2,6 мың тексеру жүргізді. 3,7 мыңнан аса ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 124,6 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты